
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітте «Уәдеге беріктік» тақырыбында жұма уағызын айтты.
«Қазақ халқында да уәдеге беріктік, сөзде тұру сынды ұғымдар ерекше мағынаға ие болатын. Халқымыз айтылған сөзді атылған оққа теңеп, сөзді қайтарып алу, уәдені орындамауды ер жігіттің ары мен намысына үлкен сын деп таныған. Ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, ел аузында сақталған «Екі сөйлеу – ерге сын», «Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені» деген сынды мақалдардан осыны анық көруге болады»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.
