Skip to content

ҚМДБ: Саудиялық MASHARIQ компаниясымен маңызды келісімге қол қойылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Сауд Арабиясы Корольдігіне арнайы іссапармен барған Қазақстандық делегация Саудиялық Mashariq Al Mutamayizah компаниясының жетекшілерімен келіссөздер жүргізді.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған делегация Мекке қаласында қажыларға қызмет көрсетуші мекеме өкілдерімен кездесіп, 2026 жылғы қажылық маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Мина мен Арафада қазақстандық қажыларды сапалы қызмет түрлерімен қамтамасыз ету, логистика, орналастыру, қауіпсіздік және сервис жұмыстары жан-жақты қаралды. Тараптар арасындағы келіссөздердің нәтижесінде алдағы қажылық маусымында Қазақстан қажыларына қызмет көрсетуді көздейтін маңызды келісім-шартқа қол қойылды.

Айта кетейік, 2026 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға қабілетті 14 қазақстандық туроператор ресми түрде танылған. Солардың таңдауы бойынша Mashariq компаниясы қазақстандық қажыларға қатарынан үшінші жыл қызмет көрсетпек.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *