Skip to content

ҚМДБ: РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ДІНИ ОҚУ-АҒАРТУ БАҒЫТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан 2026 жылғы қасиетті Рамазан айында діни оқу-ағарту бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, «Хатым Құран» жобасы аясында республика бойынша 862 мешітте күн сайын бесін немесе екінті намазынан кейін жамағатпен 1 пара Құран оқу ұйымдастырылып, оған 31 217 адам қатысты.

«Бір күнде – бір хатым» жобасы шеңберінде жамағат арасынан арнайы топтар құрылып, нәтижесінде 728 топ тарапынан 6 557 Құран хатым оқылды.

Мешіттердегі тарауих намаздары барысында 813 мешітте Құран хатым түсіріліп, бұл игі іске 1 079 қари қатысты.

Құранды жаңадан үйренушілерге арналған тұрақты оқу курстары 1 003 мешітте жүргізіліп, оған 17 632 адам қамтылды.

Сонымен қатар «Рамазан – Құран айы» тақырыбында діни-танымдық жарыстар ұйымдастырылып, 266 мешітте 703 жарыс өткізіліп, жалпы 5 564 адам қатысты.

Жамағаттың діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Пәтуа сағаты» жобасы аясында 929 мешітте тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 24 296 адам жүгінді. Жалпы қойылған діни сұрақтар саны 40 131-ді құрады.

«Намаз оқып үйренейік» айдары бойынша 937 мешітте арнайы оқу курстары өткізіліп, 5 704 адам қамтылды.

Рамазан айының соңғы он күнінде иғтикаф ұйымдастырылып, 106 мешітте 600 адам құлшылық жасады.

Жалпы алғанда, атқарылған іс-шаралар халықтың діни сауаттылығын арттыруға, Құран оқуға деген қызығушылығын күшейтуге және қоғамда рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталды.