
Рамазан – рухани жаңғыру мен имандылықты арттыратын ерекше ай. Осы қасиетті айда «Уағыз-насихат» бөлімі тарапынан жамағаттың діни сауатын арттыру, ізгілікке үндеу және қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту мақсатында кең көлемді ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалар арқылы жүргізілген «30 күнге 30 амал» атты уағыз-насихат жобасы ерекше қарқынмен ұйымдастырылды. Бұл бағытта жалпы 3 657 шара өткізіліп, нәтижесінде 8 306 839 адамға рухани мазмұндағы насихаттар жеткізілді. Бұл бастама жастар мен жалпы интернет қолданушылар арасында діни білім мен құндылықтарды кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, тарауих намазына дейін дәстүрлі түрде өткізілген «Отыз күнге отыз уағыз» жобасы аясында 51 202 уағыз-насихат шарасы ұйымдастырылып, 227 441 жамағат мүшесі қамтылды. Бұл уағыздар Рамазан айының рухани мәнін терең түсіндіруге, намаз бен құлшылықтың маңызын арттыруға бағытталды.
Ауызашар уақытында да жүйелі түрде уағыз-насихат жұмыстары жүргізіліп, жалпы 19 901 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шаралар барысында 2 190 378 адамға Рамазан айының қадір-қасиеті, сабыр, шүкір және ізгілік тақырыптарында насихат айтылды.
Жалпы алғанда, «Уағыз-насихат» бөлімінің Рамазан айында атқарған жұмыстары жамағаттың діни танымын тереңдетуге, рухани бірлікті күшейтуге және қоғамда ізгі құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталды. Атқарылған шаралар цифрлық кеңістік пен дәстүрлі уағыз форматтарын тиімді ұштастыра отырып, кең аудиторияны қамтуымен ерекшеленді.
