
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбайұлы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жастар форумына қатысты.
Форум Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында өтіп, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан сынды ШЫҰ-ға мүше елдердің жас көшбасшыларын біріктірді.
Панельдік сессияда ҚМДБ өкілі Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, жастарды отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу және зиянды әдеттерден сақтандыру бағытындағы ҚМДБ жұмысы туралы баяндады.
Форум аясында қатысушылар Өскемен қаласы мен Алтай, Ұлан, Самар аудандарын аралап, жергілікті мәдениетпен және табиғатпен танысты.
Шара жастар арасындағы серіктестікті нығайтуға, мәдени және рухани ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. Ашылу салтанатында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров және ШЫҰ Хатшылығы өкілдері сөз сөйледі.