Skip to content

ҚМДБ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАН ҚАЛАСЫНДА

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы мен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы 2025 жылғы 13-18 мамыр аралығында Қазан қаласында өткен «Ресей – Ислам әлемі» халықаралық экономикалық форумына арнайы шақыртумен барды.

Іссапар аясында ҚМДБ делегациясы Татарстанның Бас мүфтиі Камиль Самигуллинмен кездесіп, Бас мүфтидің сәлемін жеткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы рухани байланысты нығайту, ортақ жобаларды жүзеге асыру жөнінде мазмұнды сұхбат құрылды. Сондай-ақ, Қазақстандағы халал стандарттау жүйесінің ерекшеліктері мен «Халал Даму» мекемесінің жұмысы таныстырылып, кітап баспасы саласындағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

«Бұл сапар бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, халал индустриясының дамуына тың серпін береді деп сенеміз», – деді Қазақстан делегациясы.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *