Skip to content

ҚМДБ-НЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ИМАМДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай арнайы жиын өтті. Аталған шарада дін саласында ұзақ жылдар бойы табанды қызмет атқарып келе жатқан Астана қаласы, Ақмола және Ұлытау облыстарының бірқатар имамдары марапатталды.

Марапаттау рәсімінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мерекелік медальдарын табыстады.

Бас мүфти өз сөзінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жыл ішінде дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, қоғамда діни тұрақтылықты сақтау және халықтың діни сауатын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарғанын атап өтті. Сонымен қатар, ел ішінде рухани бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту жолында қызмет етіп жүрген имамдардың еңбегіне тоқталды.

Іс-шара соңында марапат иелері көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *