
ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институты дәстүрлі діни құндылықтарды зерттеп, тарихи-рухани мұраны жаңғырту бағытында игі істер атқарып келеді. Аталған мақсатта институт бірқатар ғылыми мекемелермен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейімен әріптестік орнатылып, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Қорық-музей құрамында 43 тарихи-мәдени ескерткіш, сондай-ақ көне қолжазбалар мен руханиятқа қатысты жәдігерлер сақталған.
Сондай-ақ, Алматы қаласында Институт пен «Ғылым ордасы» арасында да келісім жасалды. Оның құрамындағы Орталық ғылыми кітапхана мен Сирек кітаптар музейінде 210 мыңнан астам қолжазба мен сирек кітап бар. Олардың қатарында қазақтың алғашқы баспа туындылары, ірі ойшылдардың еңбектері және Құранның көне нұсқалары кездеседі.
