Skip to content

ҚМДБ делегациясы Марокконың көне Қарауин университетінде болды

Марокко Корольдігіне арнайы іссапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы Фес қаласындағы әлемдегі ең көне жоғары оқу орны – Қарауин университетіне барды. Делегацияны оқу орнының ректоры, профессор, доктор Амал Жәлал мырза өзі қарсы алып, білім ордасының тарихымен және қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Қарауин университеті – 800-інші жылдан бері үзіліссіз жұмыс істеп келе жатқан, Гиннестің рекордтар кітабына енген әйгілі оқу орны. Бұл білім ордасы ислам әлеміндегі рухани, діни және ғылыми білімнің ірі орталығы саналады.

Кездесу барысында ҚМДБ делегациясы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, Қазақстан мен Марокко арасындағы рухани-ғылыми байланысты нығайту, тәжірибе алмасу бағыттарына қатысты ұсыныстар білдірді.

Бүгінде Қарауин университетінде әлемнің көптеген елдерінен келген 1200-ден астам студент білім алуда. Олар қасиетті Құран ілімі, хадис ілімі, шариғат, ислам философиясы, тәпсір және басқа да бірқатар маңызды бағыттар бойынша дәріс алады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *