Skip to content

ҚМДБ БАСТАМАСЫМЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапары аясында Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында өткен қайырымдылық шарасына қатысты.

Игі іс-шара Сәтбаев қаласындағы Балмағамет Балқыбайұлы атындағы мешіттің оқу орталығында өтіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті құрал-жабдықтар алуға арналған ақшалай сертификаттар табысталды. Атап айтқанда, Т. Әділовке – мүгедектер арбасын, А. Аманқұлов пен А. Далабайға – есту аппараттарын алу үшін сертификаттар берілді.

Бас мүфти қайырымдылық – Ислам дінінің негізгі құндылықтарының бірі екенін айта келе, мұндай шаралардың мұқтаж жандарға қуаныш сыйлап, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыратынын жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *