Skip to content

“Келіні жақсының – керегесі алтын” атты келіндер сайыс өткізілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы өкілдігі Қаратау ауданына қарасты “Есжанұлы Сейітжан қари” мешітінде «Ислам және отбасы құндылы» жылы аясында діни сауат ашу курсының әйел-қыздар бөлімінің шәкірттері арасында “Келіні жақсының-керегесі алтын” атты келіндер сайыс өткізілді.

Сайыста келіндер қазақи нақышта киініп, дәстүрлі тағамдар дайындап әкелді. Сонымен қоса қазақ даласының тарихында аты қалған аналарымыз жайлы ізденгендерін бөлісіп, әр тұлғаға байланысты болған міндеттерін айта отырды. Сайысқа қатысушы келіндердің ішінен әділ-қазылардың ойынан шығып және көрермен жүрегіне жол таба білген келіндердің кейбірі жүлделі орынға ие болды.
1 орынды Қайшыбекова Жансая,
2 орынды Мырзаханова Ләззат
3 орынды
Сейітбекова Саида иеленді.
Жүлделі орындарға және басқа да қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің ұстазы Түзелова Айжарқын ұстазымыз келіндер сайысын қорытындылап, келген жамағатқа тақырыпты ашып сүбелі сөзбен терең насихаттар айтты.
Қатысушылар және көрермендер үшін бұл сайыста алар үлгі өнеге мол болды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *