
Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сапиев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркиядағы өкілі Абдурашит Зиядинұлымен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында Абдурашит Зиядинұлы алдымен Елші мырзаны қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізді.
Кездесу аясында тараптар шетелдегі қазақ диаспорасымен рухани байланысты нығайту мәселерін талықлап, Бас мүфтидің Түркиядағы қазақстандықтарға жолдаған тілегі мен діни саладағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Сондай-ақ Түркияның түкпір-түкпірінде білім алып жатқан қазақстандық студенттердің тыныс-тіршілігі, олардың рухани қажеттіліктері мен әлеуметтік жағдайлары назардан тыс қалмады. Бұдан бөлек басқосуда Рамазан айы аясында бауырлас елдегі қандастарымызға арналған рухани кештер мен қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жайы қарастырылды.
