
Мен, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы №55 түзеу мекемесінде жазамды өтеп жатқан Нурбек атты азаматпын. Мен сауатсыздықтан, білімсіздіктен қателескенімді түсініп, басымнан өткен оқиғаларды жастар, мен сияқты түрмеге түсіп қалмаулары үшін осы мақаланы жазып отырмын.
Мен, Нишантаев Нурбек Түркістан облысы, Қарабұлақ ауылында қарапайым отбасында дүниеге келдім. 2007 жылы алғаш рет мектеп, есігін аштым. 2019 жылы орта білім мектебін тәмамдадым. Сол жылдың жазында егін алқабында жұмыс істеп жүргенімде өзіммен құрдас «Мұхаммед» есімді баламен танысып қалдым. Сол кезден бастап мен онымен достасып араласатын болдым. Ол маған өзінің сол кездегі діни радикалды ұғымын, бірте-бірте тықпалай бастады. Сол досым маған (Сирияда мұсылман әйелдер мен балалар аш екендігін және соғыстан қиналып жатқандарын, комектесуіміз керек екенін айтып) азғырып, онымен бірге Сирияға соғысқа баруды ұсынды. Менің діни сауатым болмағандықтан, айтқан ақпараттарын сүзгісіз қабылдап, оған надандықпен қосылдым. Сөйтіп, екеуміз радикалды ниетімізді орындау үшін яғни, Сирияға бару үшін интернет желісі арқылы Сириялық содырмен байланыс орнаттық. Сол садыр бізге Сирияға қалай баруды үйретті. Сирияға баруға әлі біраз уақыт бар кезде-ақ, мен радикалды ниетіме күмәндана бастадым. Әке – шешемді қайғыртып, олардан ұялып, оларды тастап кетуге қимай екі айдай жүрдім. Ақыры ойлана келе, мен радикалды ниетімнен қайттым. «Мухаммед» атты досыма мен өзімнің ойымнан қайтқанымды. Сирияға бармайтынымды айттым. 2020 жылдың басында «Мухаммед» өзі Сирияға кетіп қалды. Сосын мені, сол жігіттің себебінен ҰҚК қызметкерлері қамауға алды. Маған Сириялық содырмен байланысқа шыққаным үшін және интернетте терроризмдік мағынасы бар бейнежазбаларды таратқаным үшін, маған 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Маған белгіленген жаза мерзімін № 55 қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеп жатырмын.
№ 55 түзеу мекемесінің теолог мамандығындағы қызметкерлері менімен дұрыс қатынас жасады және барлық қажетті кітаптар мен мәліметтерді беріп отыр. Психолог мамандарының қызықты іс шараларына үнемі қатысамын. Мекеменің теолог мамандығындағы қызметкерлердің, радикалды ойлардан қайтып түзелуіме себеп болды. Сондай-ақ, мекемеге келіп дәріс беретін білікті имам-теологтартардың еңбегі зор. Теолог-имамдармен сұхбаттар барысында өзімнің діни көзқарасым бұрыс екендігін ұқтым. Теолог-имамдармен сұхбаттарда дін негіздері, ақида мәселесі, мазhаб туралы таным, дін мен салт-дәстүрдің сабақтастығы, зайырлылық жайлы таным, Құран аяттарындағы діни термин сөздерін дұрыс пайымдау тақырыптарындағы мәселелерді талқылаймыз. Білікті теологтер менің осы мәселелердің ішінде бұрыс түсінікте болғанымда маған түсіндіріп, Құран аяттары мен хадистерден дәлелдер келтіріп береді. Сұхбаттардан маған үлкен пайда болып, радикалды көзқарастарымнан бас тарттым және түзелу жолыны нық түстім. Интернеттен әртүрлі бейтаныс кісілердің әдемі сөздеріне ермейтін болдым. Еліміздің имам-теологтарын тыңдап, дін мәселесінде соларға жүгінгеніміз дұрыс екен деген шешімге келдім. Енді менің басты мақсатым ата-анамның разылығын алу, бұрын мен себепті тартқан қайғы мұңдарының орнын қуаныштарға толтыру, үйленіп, отбасы құрып, ата-анама немере сыйлау.
Қорыта айтарым, шариғатта айытты деп, белмейтін танымайтын адамдарға еліктеудің салдары фанатизмге соқтырады екен. Өз елімізде діни кітаптар, ғалымдар, дұрыс дереккөздер қолжетімді. Қажеттілікті алыстан іздемей, қолда бардың қадіріне жетейік. Надан болып қалудан сақтанайық. «Надан адам әуелі істеп, сосын ойланады, дана адам болса әуелі ойланып, содан кейін істейді».
«Ата-ана разылығы – Алла разылығы» демекші тірі кезінде ата-анамыздың қадіріне жетіп, қасында болып, солардың ризашылығына жете берейік.
№ 55 қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде
жазасын өтеуші сотталған Нишантаев Нурбек