Skip to content

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚАРСАҢЫНДА ИМАМДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасын аясында, Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде қасиетті Рамазан айына дайындықты пысықтау туралы кеңейтілген мәжілісі болып өтті.
Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Исламқұл Ерке, Айбек Азимбаев және мешіт имамдары мен қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшілері қатысты.
Игі шара аясында ҚМДБ 35 жылдық мерекелік медалімен көп жылдық еңбек өтілі бар Қазыбек Сарыбаев, Мамырхан Өмірзақ, Нәзірхан Тасходжаевтар марапатталды. Марапат құтты болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі