Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде «Жасөспірімдерге кеңес беру» орталығы ашылды.
Орталықтың мақсаты жасөспірімдердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, имандылық, сабыр, құрмет, жауапкершілік сияқты құндылықтарын дамыту, ата-анаға құрмет, үлкенді сыйлау, қоғамда бейбіт өмір сүру қағидаларын түсіндіру, күмән, сенім дағдарысы, өмірлік қиындықтар кезінде діни тұрғыдан кеңес беру.
Шараға қалалық орталық мешіттің наиб имамы Қазыбек қажы Сұлтанбекұлы, аудан кураторы Дастан қажы Сүлейұлы, аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлы және бірнеше имамдар мен дін қызметкерлері қатысты.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



