Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде Рамазан сыйы қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара барысында аудан бас имамы Ербол Қалшабек қасиетті Рамазан айымен құттықтап, сәттілік тіледі. Қайырымдылық шарасы аясында көп балалы және жалғыз басты 20 отбасыға азық-түлік және т.б заттар қайырымдылық жасалды.
Қолдау көрсеткен азаматтарға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






