Skip to content

ҚАРАТАУ АУДАН МЕШІТТЕРІНЕ ҚМДБ БАСПА ӨНІМДЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде ҚМДБ-ға қарасты «Muftiyat» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптарды имамдарға табыстау шарасы өтті.

Шарада аудан имамы Ербол Тастанбекұлы қаланың бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, ҚМДБ-ның «MUFTIYAT» баспасынан Ислам тарихы, сенім, фикх және моральдық тақырыптардағы кітаптар және жазғы діни сауат ашу курстарына арналған оқулықтар т.б. діни әдебиеттер халыққа ұсынылып келеді.
Баспаның мақсаты — ислам құндылықтарын насихаттау және діни экстремизмге қарсы тұратын, мазмұны сапалы әдебиеттермен қамтамасыз ету екендігін айтты.

Шара барысында, аудан имамы мешіттердің имамдарына «Дін мен дәстүр ІІІ», «Отбасылық сұрақ-жауаптар», «Құран інжулері», «Исламдағы сауда-саттық», «Пәтуалар жинағы 1-5», «Бабалар ізімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Ислам ғибадаты» сынды 22 әртүрлі құнды кітаптар мешіт кітапханалары мен кітап сөрелеріндегі кітаптардың қатарына қосу үшін табыстады.