Skip to content

Қарағанды: Мешіт жамағаттары арасында футбол турнирі өтті

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі мен облыстық дін істері басқармасының бірлесуімен Қарағанды қаласы мешіттерінің жамағаттары арасында «Теңбіл доп – 2025» атты футбол турнирі ұйымдастырылды.

Жамағаттың ауызбіршілігін арттыруды және салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен жарысқа облыс Бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған өңір мешіттерінен 12 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша І орынды 200 000 теңге жүлде қоры тағайындалған «Төлеби» мешіті, ІІ орынды 100 000 теңгелік жүлдемен «Аль-Ғаффар» мешіті, ал ІІІ орынды 50 000 теңге жүлдесімен «Қамзе ата» мешіті иеленді. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды: «Үздік қақпашы» – Раббаев Рүстем, «Үздік қорғаушы» – Бақыт Дәуіржан, «Үздік шабуылшы» – Қойшыбаев Мерей, ал турнирдің үздік ойыншысы атағы Ахметов Бақытжанға бұйырды.

Айта кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл жарыс – мешіт жамағатын біріктіріп, қоғамға пайдалы игі іс-шаралардың бірі болып саналады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *