Skip to content

ИСЛАМ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ АРАБТАНУ ОРТАЛЫҒЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институты директоры ф.ғ.к. Төрәлі Қыдыр мен ҚазҰУ Арабтану орталығы директоры ф.ғ.д. Баян Нұрсұлтанқызы өзара ынтымақтастық туралы ортақ меморандумға қол қойды.

Төрілі Еділбайұлы Шығыстану факультеті оқытушылар құрамы мен арабтану орталығы ғылыми қызметкерлеріне институтымыздың қолға алған ғылыми жобалары жайлы баяндады. Институттың басты мақсаты дәстүрлі исламды ғылыми-теориялық негіздеу екенін атап өтті.

Орталық директоры Баян Нұрсұлтанқызы институт жұмысына сәттілік тілеп, ортақ ғылыми жобаларды қолға алуға ниетті екенін білдірді. Төрәлі Еділбайұлы орталық қорына институт жобалары негізінде басылған бірнеше кітапты сыйға тартты.

Арабтану орталығы 2000 жылдары ҚазҰУ дің шығыстану факультетінің жанынан ашылған. Содан бері білікті шығыстанушы, арабтанушы, парсытанушы мамандарды даярлап келеді.

Алдағы уақытта орталықпен ғылыми бағытта ортақ жобаларды жүзеге асыру жолға қойылмақ. 

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *