Skip to content

“Имани жаз 2025” діни сауат ашу курс шәкірттеріне тәж кигізу іс шарасы өтті

2025 жылдың шілде айының алғашқы аптасында Шымкент қаласы, Тұран ауданына қарасты «Айқап» мешітінде шәкірттер үшін ерекше рухани шара — тәж кигізу рәсімі өткізілді.
 
Иман мен білімнің қадірін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған бұл кешке шәкірттермен қатар ата-аналар, мешіт жамағаты мен қадірлі қонақтар қатысты. Игі іс-шарада қасиетті Құран әліппесін меңгеріп, оқуын аяқтаған шәкірттерге тәж кигізіліп, Алланың сөзіне деген құрметтің белгісі ретінде Құран Кәрім мен арнайы сыйлықтар табысталды.
 
Кеш аясында жиналған қауымға концерттік бағдарлама ұсынылып, шәкірттер жүрек тебірентер имани әндер шырқап, Құран аяттарын көркем дауысымен оқыды. Бұл сәт көрермен жүрегіне рухани жылулық сыйлап, кештің маңызын арттыра түсті.
 
«Айқап» мешітінің ұжымы мен ұстаздары шәкірттердің діни сауатын арттырумен қатар, олардың жүрегіне имандылық пен көркем мінез дәнін сеуіп, үлкен еңбек атқарып келеді. Осындай тағылымды шаралар — ел болашағы үшін тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтың рухани іргетасын қалауға бағытталған қадам.
 
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *