ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі Бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен Тұран аудандық Қождан ата мешітінде “Имамдардың білімін жетілдіру семинары” атты көшпелі жиын өтті.
Осы сәтті пайдалана отырып ҚМДБ жанындағы баспаханасынан жарық көрген “Дін мен дәстүр” кітаптарының арнайы презентациясы жасалды. Игі шараға аудандық “Қождан ата” мешітінің имамы Ерман Жақсыбайұлы және Абай ауданында орналасқан “Бибісара ана” мешітінің имамы, Шымкент қаласы бойынша Дін мен дәстүр бағытына жауапты маман Самат Сапарханұлы және аудан имамдары қатысты. Іс-шара барысында сала бойынша жауапты мамандар баяндама жасады, атап айтқанда жат діни ағым бағытына жауапты Сайдирасул Бахрамұлы және Сапарғали Абдуалиұлы имам-ұстаздар.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі












