Бүгін ҚМДБ оқу бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық Ордабасы мешітінде діні қызметкерлерінен сынақ алынды. Сынақ алу жұмысын шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына сәйкес найб имам Қазыбек Сарыбаев пен Нұрсұлтан қари Мамедалиев үш пән бойынша Құран оқу, Ибадат Исламия, Хадистану ілімінен сынақ алды. Бұл бағыттағы жұмыстар барлық мешіттерде жалғасын табады.








