Skip to content

ДСАК бөлімінің әйел-қыздар шәкірттері ауызашар ұйымдастырды

Шымкент қаласындағы Сейітжан қари мешітінің ДСАК бөлімінің әйел-қыздар шәкірттері қасиетті Рамазан айының құрметіне рухани кешке толы ауызашар дастарханын ұйымдастырды.
 
Берекелі басқосуда Рамазан айының қадір-қасиеті, мұсылман өміріндегі орны, адам баласына берер екі дүниелік пайдасы туралы тағылымды насихаттар айтылып, қатысушылар жүректеріне рухани азық алды. Сондай-ақ қасиетті Құран кітабы толық хатым етіліп, арнайы хатым дұғасы жасалды.
 
Жиын барысында үлкен апаларымыз ақ батасын беріп, жастарға ізгі тілектерін арнады. 
Ауызашар дастарханы тек ас ішу ғана емес, жүректерді жақындатқан, бауырмалдықты арттырған, иманды күшейткен ерекше рухани отырыс болды. Бір-бірлеріне рахметін айтып тарасты.