
Қазақстан Республикасында діни қызмет ар-ождан бостандығы, конфессияаралық келісім және заңның үстемдігі қағидаттарына негізделе отырып реттеледі. Конституция әр азаматқа ар-ождан және діни сенім бостандығын қамтамасыз етеді. Алайда бұл бостандықты жүзеге асыру заң шеңберінде, экстремизм мен зорлық-зомбылықты, сондай-ақ алауыздықты қоздыруға жол бермей жүргізілуі тиіс.
Діни саладағы құқық бұзушылықтар тек рухани емес, сонымен бірге әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа да әсер етеді. Сондықтан мемлекет бұл бағытта әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қамтитын кешенді құқықтық жүйе қалыптастырған.
ӘҚБт мен ҚК нормаларының жиынтығы діни қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардан қоғамды қорғаудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастырады. Әкімшілік нормалар алдын алу сипатында болса, қылмыстық баптар діни экстремизм мен терроризмнің нақты көріністерімен күресуге бағытталған.
Сонымен қатар, мемлекет кәмелетке толмағандар мен осал топтарды радикалды ағымдардың ықпалынан қорғауға ерекше назар аударады. Бұл бағытта құқық қорғау органдарының, білім беру ұйымдарының және дін мәселелерін зерттеу орталықтарының бірлескен қызметі маңызды рөл атқарады.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі діни сенім бостандығын қамтамасыз ете отырып, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау міндетін тиімді орындайды. ӘҚБтК мен ҚК баптарын үйлестіре қолдану дінаралық келісімді, рухани тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтауға мүмкіндік береді.
