Қазіргі әлемде діни фанатизм көбінесе ислам әлемімен байланысты – терроризм, жиһад, шариғат соттары және т.б. Атап айтқанда, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы трагедия, 2000 жылы Индонезиядағы мұсылмандардың христиандарды қыруы, Үндістандағы заманауи діни қақтығыстар, сондай-ақ әлемдегі жеке террористік актілер мысал ретінде келтірілген. Алайда, көбінесе діни фанатизм атын жамылып, белгілі бір саяси және қаржылық күштер жұмыс істейді, олардың мақсаттары әсіресе исламнан және жалпы сенімнен өте алыс. Жалпы фанатизм және діни фанатизм деген не?
Фанатизм бұл латынша булыққан, буырқанған деген мағына, яғни бірбеткейлікке салынып, ақиқаттылығына қарамастан ешкімнің көзқарасына құлақ салмай, соқыр сенімге еліктеу. Бұл – ислам дініне жат әрі қабылданбайтын сипат. Ал , діни фанатизм – бұл дін мен сенім мәселелеріндегі құлшыныстың ең шеткі, агрессивті түрі. Діни фанатизм мәдениетті, дінді, құндылықтар жүйесін жоюға бағытталған. Көбінесе діни фанатизм-бұл жасөспірім ауруы. Қазіргі әлемде діни фанатизм көбінесе ислам әлемімен байланысты – терроризм, жиһад, шариғат соттары және т.б. Атап айтқанда, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы трагедия, 2000 жылы Индонезиядағы мұсылмандардың христиандарды қыруы, Үндістандағы заманауи діни қақтығыстар, сондай-ақ әлемдегі жеке террористік актілер мысал ретінде келтірілген.
Қоғамда кездесетін діни фанатизмнің ең қауіпті жағы, ол – радикалды әрі агрессиялық пікірде бекем тұрып, өзгелердің көзқарасын жоққа шығарып, қабылдамау. Мысалы, соңғы уақытта елді үрейлендірген «ұлы жихад» (үлкен күрес) терминін діни тұрғыдан жастарымызға деструктивті ағымдарда «қолға қару алып соғысу немесе өзін-өзі жару арқылы жасалатын күрес» деп түсіндіріледі. Жиһадтың шариғаттағы мағынасы: Ақиқат үшін күресу, хақ дінге шақыру немесе Алла дінінің туын жоғары көтеру және дінді, жанды, отанды, мал-мүлікті т.б. қорғау үшін малымен жанымен күресу. Демек, жихад – діннің және адам өмірінің барша аспектілерін қамтитын ұғым. Қысқаша айтқанда, адам баласының өз өмірінде бақытына жету үшін күресу, өз нәпсісімен күресу. Алайда, қазіргі еліктеушілікке бейім жастар мен адамдар жихад сөзін діни сауатсыздық себебінен тура түсініп, шетелге өз отанын малын жанын қиып, соғысу немесе өз-өзін бомбалау арқылы өлтіріп жатады. Бұндай жалған әрі радикалды сенімді діннен хабары жоқ адамға «сен жәннаттықсың», «осы жолда өлсең шахидсың» деген бос үміттер ұялату арқылы шақырады. Діни фанатизмның ең жоғарғы үлгісі осындай, дінді асыра сілтеушілікке салады. Деструктивті діни ұйымдар тарапынан Қазақcтанға қауіп төндіріп отырған фанаттық идеялар мыналар:
1.Діндегі фундаменталдық түсініктерді насихаттау және заманауи өмір салтын мойындамау. Яғни діннің баcтапқы кeзeңіндeгі таза, cаф қалпына oраламыз дeгeн cылтаумeнeн қoғам араcында іріткі тудыру;
2.Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жоққа шығару, мойындамау ;
3.Діни негіздегі келіспеушіліктер әсерінен отбасыны ажырату, қоғамды ыдырату;
4.Қалыптасқан зайырлы мемлекеттік жүйеге қарсылық және діни мемлекет орнатуды көксеу,яғни мемлекетті дін жүйе арқылы басқару. Бұл мәселелердің шешім жолы-деструктивті ағымдардың насихаттау жолдарын тыю мен дәстүрлі ислам дінін уағыздау арқылы сенімге деген оң көзқарасты жаңғыртып,қалыптастыру әрі дін жайында халықты сауаттандыру.
Қорытындылай келе, елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев діни жат ағымдардың халыққа зияны жайлы, азаматтарды дін арқылы келісім мен ынтымаққа шақыру жөнінде, рухани бағыт-бағдар мен елдегі тұрақтылық-татулықты сақтау жайында айтты.
– « Қазіргі уақытта дүние жүзінде әртүрлі жат үрдістер пайда болып жатыр. Халықты татулыққа, пәтуаға, бірлікке шақыру керек. Ал, түрлі жат діни ағымдарға тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ел мүддесіне қызмет ету қажет». Елбасы айтқандай, жұртымызға жат болған ағымдардың арбауына қарсы тұратындай «ішкі сүзгіні» нығайту қажет. Ол үшін бізде бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
Жұмаділлә Бексұлтан Жұмаханұлы
Ақпараттық түсіндіруді үйлестіру
және діни талдау жұмыстарын
ұйымдастыру бөлімінің теолог маманы Қазіргі әлемде діни фанатизм көбінесе ислам әлемімен байланысты – терроризм, жиһад, шариғат соттары және т.б. Атап айтқанда, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы трагедия, 2000 жылы Индонезиядағы мұсылмандардың христиандарды қыруы, Үндістандағы заманауи діни қақтығыстар, сондай-ақ әлемдегі жеке террористік актілер мысал ретінде келтірілген. Алайда, көбінесе діни фанатизм атын жамылып, белгілі бір саяси және қаржылық күштер жұмыс істейді, олардың мақсаттары әсіресе исламнан және жалпы сенімнен өте алыс. Жалпы фанатизм және діни фанатизм деген не?
Фанатизм бұл латынша булыққан, буырқанған деген мағына, яғни бірбеткейлікке салынып, ақиқаттылығына қарамастан ешкімнің көзқарасына құлақ салмай, соқыр сенімге еліктеу. Бұл – ислам дініне жат әрі қабылданбайтын сипат. Ал , діни фанатизм – бұл дін мен сенім мәселелеріндегі құлшыныстың ең шеткі, агрессивті түрі. Діни фанатизм мәдениетті, дінді, құндылықтар жүйесін жоюға бағытталған. Көбінесе діни фанатизм-бұл жасөспірім ауруы. Қазіргі әлемде діни фанатизм көбінесе ислам әлемімен байланысты – терроризм, жиһад, шариғат соттары және т.б. Атап айтқанда, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы трагедия, 2000 жылы Индонезиядағы мұсылмандардың христиандарды қыруы, Үндістандағы заманауи діни қақтығыстар, сондай-ақ әлемдегі жеке террористік актілер мысал ретінде келтірілген.
Қоғамда кездесетін діни фанатизмнің ең қауіпті жағы, ол – радикалды әрі агрессиялық пікірде бекем тұрып, өзгелердің көзқарасын жоққа шығарып, қабылдамау. Мысалы, соңғы уақытта елді үрейлендірген «ұлы жихад» (үлкен күрес) терминін діни тұрғыдан жастарымызға деструктивті ағымдарда «қолға қару алып соғысу немесе өзін-өзі жару арқылы жасалатын күрес» деп түсіндіріледі. Жиһадтың шариғаттағы мағынасы: Ақиқат үшін күресу, хақ дінге шақыру немесе Алла дінінің туын жоғары көтеру және дінді, жанды, отанды, мал-мүлікті т.б. қорғау үшін малымен жанымен күресу. Демек, жихад – діннің және адам өмірінің барша аспектілерін қамтитын ұғым. Қысқаша айтқанда, адам баласының өз өмірінде бақытына жету үшін күресу, өз нәпсісімен күресу. Алайда, қазіргі еліктеушілікке бейім жастар мен адамдар жихад сөзін діни сауатсыздық себебінен тура түсініп, шетелге өз отанын малын жанын қиып, соғысу немесе өз-өзін бомбалау арқылы өлтіріп жатады. Бұндай жалған әрі радикалды сенімді діннен хабары жоқ адамға «сен жәннаттықсың», «осы жолда өлсең шахидсың» деген бос үміттер ұялату арқылы шақырады. Діни фанатизмның ең жоғарғы үлгісі осындай, дінді асыра сілтеушілікке салады. Деструктивті діни ұйымдар тарапынан Қазақcтанға қауіп төндіріп отырған фанаттық идеялар мыналар:
1.Діндегі фундаменталдық түсініктерді насихаттау және заманауи өмір салтын мойындамау. Яғни діннің баcтапқы кeзeңіндeгі таза, cаф қалпына oраламыз дeгeн cылтаумeнeн қoғам араcында іріткі тудыру;
2.Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жоққа шығару, мойындамау ;
3.Діни негіздегі келіспеушіліктер әсерінен отбасыны ажырату, қоғамды ыдырату;
4.Қалыптасқан зайырлы мемлекеттік жүйеге қарсылық және діни мемлекет орнатуды көксеу,яғни мемлекетті дін жүйе арқылы басқару. Бұл мәселелердің шешім жолы-деструктивті ағымдардың насихаттау жолдарын тыю мен дәстүрлі ислам дінін уағыздау арқылы сенімге деген оң көзқарасты жаңғыртып,қалыптастыру әрі дін жайында халықты сауаттандыру.
Қорытындылай келе, елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев діни жат ағымдардың халыққа зияны жайлы, азаматтарды дін арқылы келісім мен ынтымаққа шақыру жөнінде, рухани бағыт-бағдар мен елдегі тұрақтылық-татулықты сақтау жайында айтты.
– « Қазіргі уақытта дүние жүзінде әртүрлі жат үрдістер пайда болып жатыр. Халықты татулыққа, пәтуаға, бірлікке шақыру керек. Ал, түрлі жат діни ағымдарға тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ел мүддесіне қызмет ету қажет». Елбасы айтқандай, жұртымызға жат болған ағымдардың арбауына қарсы тұратындай «ішкі сүзгіні» нығайту қажет. Ол үшін бізде бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
Жұмаділлә Бексұлтан Жұмаханұлы
Ақпараттық түсіндіруді үйлестіру
және діни талдау жұмыстарын
ұйымдастыру бөлімінің теолог маманы