Skip to content

БҚО: Жәнібек аудандық мешітіне – 30 жыл

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық мешітінің 30 жылдық мерейтойына орай облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы арнайы іссапармен өңірге барды.

Айта кетейік, мешіт құрылысы 1993 жылы басталып, 1995 жылы пайдалануға берілген. Мерекелік шараға мешіттің алғашқы имамдары, мешіт құрылысына бастамашы болған азаматтар, ауыл имамдары мен жамағат қатысты. Құран бағышталып, мешіт тарихы еске алынды.

Облыстың бас имамы жергілікті бас имамға кәдесый табыстап, жылы лебіз білдірді. Ауданның батагөй қариясы Қабаш Жүнісов бата беріп, жиналғандар мешіт ауласына тал отырғызды.

Мерейтой аясында аудандық мәдениет үйінде көрме мен конференция ұйымдастырылып, дін мен дәстүр сабақтастығы дәріптелді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *