Skip to content

БҚО: Құран оқудан іріктеу сайысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIV республикалық байқауға Батыс Қазақстан облысы бойынша іріктеу сайысы ұйымдастырылды.

Сайысты ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазылар алқасы құрамында «Тәжиден Батырұлы» мешітінің наиб имамы Е. Кенжин, «Ар-Рахман» мешітінің ұстазы О. Амреев және наиб имамы Б. Шақаев болды.

Үміткерлер Құран сүрелерін жатқа оқып, қазылар жалғастыру арқылы білімдерін сынады. Бағалау қырағатқа, тәжуид ережелеріне және дауыс ырғағына негізделді. Жеңімпаздар алғыс хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *