
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы негізінде және Батыс Қазақстан облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен өңір имамдары Ақжайық, Теректі, Сырым аудандарына арнайы сапар жасап, бірқатар ауылдық елді мекендерде «Көшпелі уағыз керуені» аясында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Игі іс-шара Тайпақ, Жымпиты, Подстепное ауылдары мен Теректі ауданын қамтыды. Сапар барысында дін қызметкерлері жергілікті мешіттерде жамағатпен жүздесіп, мазмұнды уағыздар айтты.
Кездесу барысында жамағатты ізгі амалдарға үндеп, бірлік пен ынтымақты нығайту, діни және ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде насихат жүргізілді. Сондай-ақ ел амандығы мен жердің тыныштығы үшін арнайы дұға жасалды.
Аталған жоба шалғай ауыл тұрғындарының діни сауатын арттыру, мешітпен байланысты күшейту, рухани қолдау көрсету және қоғамда имандылық пен адамгершілік құндылықтарды кеңінен дәріптеуге бағытталған.