Бүгін Сейітжан қари мешіті қабырғасында Алланың қалауымен, көптен күткен ізгі ниет пен үлкен үміттің нәтижесінде “Білім шырағы” кітап клубы ашылды.
Шымкент қаласы әйел-қыздар бөлімінің басшысы Асылханқызы Балжан ұстаз бен Шұғыла дін мен дәстүр орталығы ұстазы Әби Клара Масатбайқызы кітап клубының тысауын кесіп, игі іске ақ тілектерін білдірді.
Шара барысында “Білім – нұр, кітап – жолдас” атты әсерлі сахналық көрініс қойылды. Ислам тарихында 2000-нан астам хадис риуаят еткен, фиқһ пен медицина ғылымында үлкен орны бар Айша бинт Әбу Бәкір анамыз жайлы ән шырқалды.
Кеш барысында білімнің маңыздылығы насихатталып, рухани құндылықтар кеңінен айтылды. Соңында кітап клубының негізін қалаушы Гүлзамира ұстаз үлес қосқан шәкірттерге алғысын білдіріп, Гүлбаршын апамыз ақ батасын берді.
Алла бұл бастаманы берекелі етіп, пайдалы білімнің шамшырағына айналдырсын!













