Skip to content

«Берекелі таң» айлық марафонының 6-шы лек бітіруші кеші өтті

Шымкент қаласындағы Орталық Ақмешіт мешіті жанынан ұйымдастырылып келе жатқан «Берекелі таң» атты айлық марафонның 6-шы лек бітіруші кеші өтті.

Аталған марафонды ұстаз Арайлым Алмасқызы жүргізіп келеді. Жоба аясында қатысушыларға ұмыт қалған сүннет амалдарды жандандыру, спорт арқылы денсаулықты нығайту, тәртіп пен өзін-өзі дамыту, кітап оқу мәдениеті, ислам әдебі, бала тәрбиесі, отбасы қарым-қатынасы және жеке күтім мәселелері кеңінен үйретілуде.

Бітіруші кешке арнайы қонақ ретінде Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Асылханқызы қатысып, жиналған қауымға рухани насихат айтып, игі бастаманың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, марафон қатысушыларына алғыс білдіріп, алған білімдерін өмірде тұрақты түрде қолдануға шақырды.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, алдағы уақытта да рухани-танымдық жобалардың жалғасатыны айтылды.