Skip to content

БАС МҮФТИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте жұма уағызын айтты.

Бас мүфти күндердің сұлтаны жұмада мешітке жиналған жамағатқа «Құрметтің шыңы – ата-анаға ілтипат» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Ата-ананы ардақтау, үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың жүрегіне ұялаған имани тәрбие. «Әке-шешеңе не қылсаң, алдыңа сол келер», – деген дана халқымыз әр баланың санасына кішіпейілділік пен үлкенді сыйлау ұстанымын ерте бастан сіңіріп өсірген. Қазақтың танымында ата-ана – отбасы тірегі, бүкіл әулеттің ұйытқысы. Сол себепті де халық арасында «Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет», «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» деген терең мәнді тағылымдар бекер айтылмаған»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *