Skip to content

БАС МҮФТИ МАРҚҰМ ӘКІМ ТАРАЗИДІҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы классик жазушы, белгілі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтты.

«Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, бүкіл қазақ еліне көңіл айтамын. Әкім ағамыз саналы ғұмырында қазақ прозасының өркендеуіне, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосты. Оның қаламынан туған кесек туындылары мен өмірдің терең философиясын танытатын шығармалары талай буынның рухани азығына айналды. Ағамыз тек жазушы ғана емес, қазақ руханиятының қайраткері, ұлттың ар-ұжданына айналған тұлға болды.

Алла Тағала марқұмды алдынан жарылқап, мейіріміне бөлегей. Жаны жәннатта болғай. Жаратушы Иеміз ағамыздың дүниеде жасаған ізгі амалдарына мол сауаптан жазғай. Әмин» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жедел хатында. 

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *