Skip to content

БАС МҮФТИ ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Алматы облысы, Қонаев қаласындағы орталық мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұма уағызын айтты.

Жұма уағызында Бас мүфти жамағатқа «Көреалмаушылық – рухани дерт» тақырыбында насихат айтып, іштарлық пен күншілдіктің адам баласының дүние және ақыретіне тигізер зиянына тоқталды.

«Көреалмаушылық – адам баласының жүрегін қарайтып, иманын әлсірететін ауыр рухани дерт. Бұл дерт адамды өзгеге берілген Алланың нығметін жақтырмауға, іштарлық пен жеккөрушілікке жетелейді. Көреалмаушылықтың салдарынан адам бауырына жамандық ойлап, ғайбат айтуы мүмкін, тіпті қоғамдағы бірлік пен татулыққа сызат түседі. Сондықтан мұсылман баласы өзгенің жетістігіне қуанып, Алла Тағаланың әр пендесіне берген несібесіне шүкір ете білуі қажет», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін ҚМДБ Төрағасы Алматы облыстық орталық мешітінің жамағатымен бірге дұға жасап, Алла Тағаладан еліміз бен жеріміздің тыныштығын, амандығын тіледі.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *