Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қатар Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдулла Хусейн әл-Джабер және Мұхаммад әл-Малки мырзаны қабылдады.
Кездесуде тараптар Қазақстан мен Қатар арасындағы діни-рухани байланыстарды нығайту, ислам істері саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Шын мәнінде, екі елді ортақ дін мен ортақ мәдениет біріктіреді. Түрлі салаларда бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның жарқын дәлелі ретінде екі достас елдің ынтымақтастығының символына айналған әл-Фараби мешітін атап өтуге болады , – деді Бас мүфти.
Айта кетейік, бұл кездесу қос ел арасындағы бауырластық байланысты нығайтып, ислам саласындағы өзара серіктестікті тереңдетуге бағытталған.