
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Қадір түні елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатпен бірге хатым дұғасын жасады.
Бас мүфти алдымен жамағатты мың айдан да қайырлы болған Қадір кешімен құттықтап, Құранды толық хатым еткен қариларға айрықша алғысын білдірді.
Бас мүфти Құран Кәрімнің соңғы аяттары оқылған тарауық намазынан кейін хатым дұғасын жасап, жер бетіне бейбіт өмір, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі. Құран Хатым сауабын елдігіміздің жолында ерен еңбек еткен асыл тұлғалардың рухына бағыштап, қазіргі таңда әлемде болып жатқан қиын жағдайларға жеңілдік тіледі.
