Skip to content

Бас мешіт түлектеріне сертификат табысталды

ҚМДБ жанындағы Республикалық Бас мешітте оқу жылын тамамдап, қорытынды емтихан тапсырған Бас мешіттің 507 шәкіртіне сертификат табысталды.

Салтанатты шара ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі – Бас мешіттің найб имамы Серік қаридің Құран аяттарын оқумен басталды. Бұдан соң Бас мешіт имамы Қанат Қоянбекұлы бітіруші шәкірттерге білім алудың, Құран ілімдерімен сусындаудың артықшылығы туралы насихат сөзін қозғап, батасын берді.

Шараның негізгі бөлігінде Бас мешіт имамы және ұстаз Қарлығаш Қажімәлікқызы түлектерді жеке-жеке құттықтап, оқу бағдарламасын бітіргені туралы сертификаттарын тапсырды.

Айта кетейік, шәкірттерге діни сауат ашу курсы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Құран әліппесі» және «Құран әліппесі мен тәжуид» діни оқу бағдарламалары бойынша өткізілген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *