Skip to content

Атыраулық имам республикалық байқаудан Бас жүлде иеленді

Астана қаласында еліміздегі түрлі діни бірлестік өкілдері арасында «Дала үні – Домбыра» атты І республикалық өнер фестивалі өтті. Ұлттық домбыра күніне орайластырылған бұл ауқымды шара Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

Еліміздің рухани-мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналған өнер байқауы ұлттық өнерді насихаттауды, дәстүрлі мұраны жаңғыртуды және дін қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін арттыруды мақсат етті.

Аталған байқауда жыр-терме номинациясы бойынша Атырау облысы, Қызылқоға ауданының бас имамы Мұрат Алдоңғарұлы Сұлтанов Бас жүлдені жеңіп алды. Ол халық ақыны Аралбай Еспенбетовтің термесін нақышына келтіре орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Сахна мәдениеті мен орындау шеберлігі көрермендердің де ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, «Дала үні – Домбыра» байқауы дәстүрлі өнер мен діни руханиятты сабақтастырып, қоғамда ұлттық құндылықтардың жаңғыруына үлес қосып келеді. Дәстүрге айналған бұл байқаудың келесі кезеңі жеңімпаз өңірде өтетін болады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *