Skip to content

Атыраулық имам Ironman 70.3 халықаралық додасын сәтті аяқтады

Атырау қаласындағы Мәулімберген мешітінің ұстазы Наркес Боханов Түркияның Анталия қаласында өткен Ironman 70.3 халықаралық сайысына қатысып, жарысты сәтті аяқтады.

Бұл жарыс әлемдегі ең күрделі сайыстардың бірі саналады. Спортшылар 1,9 шақырым жүзу, 90 шақырым веложарыс және 21,1 шақырым жартылай марафонды тоқтаусыз еңсеруі керек. Наркес ұстаз барлық кезеңдерді уақыт талабына сай түгел орындап шықты.

Имамдық қызметпен қатар спортты да жүйелі түрде жандандырып келе жатқан Наркес Боханов – денсаулық пен дін құндылықтарын ұштастыра білген жас дін қызметкері. Бұған дейін ол Атырау қаласында өткен жартылай марафонда (21 км) жүгіріп, спорттық іс-шараларға белсенді қатысып келеді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *