Skip to content

Атырауда «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты семинар өтті

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Берденұлы өңір имамдарына арнап «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар мақсаты – имамдардың рухани құзыретін арттырып, ихсан ілімін күнделікті қызметте қолдану арқылы ұлттық құндылықтар мен көркем мінезді кеңінен насихаттау.

Семинар барысында имамдар дін қызметкерінің рухани-этикалық жауапкершілігі жайында сұрақтар қойып, пікір алмасты.

ҚМДБ ихсан ілімін ұлттық тәрбиемен байланыстыра отырып, дін мен дәстүр бірлігін насихаттауды жалғастыра бермек.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *