
Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Атырау қаласында ерекше форматтағы «Айт Quiz» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Шараға облыс мешіттерінің имамдары мен жамағаты арасынан құралған 15 команда, барлығы 180 қатысушы қатысты.
Сайыс барысында дін, дәстүр, тарих және қазіргі қоғам тақырыптарын қамтыған сұрақтар қойылып, қатысушылардың жан-жақты діни әрі танымдық білімі сыналды.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Әт-Тақуа» мешітінің командасы, екінші орынды Иманғали орталық мешітінің командасы, ал үшінші орынды Қайтпай Сұлтан мешітінің командасы иеленді.
Шараның басты мақсаты – Құрбан айт мерекесінің рухани маңызын арттырумен қатар, жамағат арасындағы ынтымақ пен бауырмалдықты нығайту және діни білімді насихаттау болды.
болды.