Skip to content

Атырау: Жастарды жақсылыққа бастайтын форум өтті

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Атырау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ: есірткіге жол жоқ» атты қалалық форумға қатысып, ұлттық құндылықтар мен имандылық тақырыбында баяндама жасады.

Форумға білім беру ұйымдарының оқушылары мен мұғалімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері және жастар қатысты. Шара барысында Бас имам жас ұрпақты жат әдеттерден, әсіресе есірткі секілді зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

«Имандылық – адамның жүрегіне жарық сыйлайтын күш. Дін мен дәстүр арқылы тәрбие беру – ұрпақтың санасына ізгілік дәнін себу. Дін – тәртіп пен тазалықтың, жауапкершілік пен мейірімділіктің бастауы», – деді Болатбек Ұласқанұлы.

Форум аясында сала мамандары жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани құндылықтарды дәріптеу бағытында ой-пікірлерін ортаға салды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *