
Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен қала және аудан имамдарының қатысуымен Құрбан айтқа дайындық жөнінде жиын өтті.
Басқосуға облыстық дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы да қатысты.
Жиында құрбан шалу рәсімін шариғат талаптарына сай ұйымдастыру, айт намазын өткізу, санитарлық талаптарды сақтау және қайырымдылық шараларын үйлестіру мәселелері талқыланды.
Бас имам мерекеге дайындықты ҚМДБ бекіткен жоспарға сәйкес жүйелі жүргізу қажеттігін атап өтті.
Жиын қорытындысында нақты тапсырмалар беріліп, дайындық барысы қадағаланып отыратыны айтылды.