Skip to content

Атырау: ХІV республикалық байқауға іріктеу сайысы өтті

Атырау облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша республикалық XIV байқаудың облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Дәстүрлі түрде ҚМДБ тарапынан ұйымдастырылып келе жатқан сайыстың мақсаты – жас буынды Құран оқуға баулу, діни білімге ынталандыру, талантты қариларды анықтап, республикалық деңгейде тануға жол ашу.

Байқауға өңірімізден және өзге облыстардан келген қырыққа жуық қари қатысып, қасиетті Құран аяттарын жатқа және көркем мәнермен оқудан бақ сынады.

Сайыс қорытындысы бойынша 30 пара (Құранды толық жаттау) аталымында І орынды Еркебұлан Сержанұлы, ІІ орынды Мұхаммед Естұрұл, ал ІІІ орынды Садриддин Сайджанұлы мен Азамат Аралбайұлы иеленді. 20 пара бойынша І орын Нурифат Ярмухамедовке, ІІ орын Ахмад Амангелдіұлына, ІІІ орын Жолдас Айдосқа бұйырды. 10 парада І орын Бекзат Жалғасбекұлына, ІІ орын Бекарыс Бауыржанұлына, ІІІ орын Дәурен Саламатұлына берілді. Мәнерлеп оқу бойынша І орын Ұлан Балтабайға, ІІ орын Байтүгел Айсұлтанға, ІІІ орын Фердауыс Ержанұлына тиесілі болды.

Жеңімпаздар енді Атырау облысының намысын республикалық кезеңде қорғайды. Барлық қатысушыларға қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *