Skip to content

Атырау: Бас имам зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Исатай ауданына сапары барысында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Кездесуде ұлттық құндылықтарды насихаттау, дін мен дәстүр сабақтастығын сақтау, рухани тәрбие мәселелері сөз болды. Бас имам діннің қоғамдағы орнына тоқталып, жастарға дұрыс тәрбие беруде имандылық пен руханияттың маңызын атап өтті.

Зиялы қауым өкілдері мешіттің қоғамдағы рөлі, діни сауаттылықты арттыру, жат ағымдардың алдын алу бағытында өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Жиын соңында тараптар өзара ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты. Бас имам ардагерлер кеңесінің төрағасы Жансих Ғатихұлына «Muftiyat» баспасынан шыққан «Бабалар ізімен» кітабын табыстады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *