Skip to content

АСТАНАДА ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің ұйымдастыруымен «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі теологиялық жұмыстардың ерекшеліктері мен тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында кәсіби біліктілікті арттыруға арналған семинар өз жұмысын бастады.

Оқу-семинарына еліміздің барлық өңірінен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызмет атқарып жүрген, ҚМДБ-ның діни оңалту бағытына жауапты мамандар қатысуда.

Айта кетейік, екі күнге жоспарланған семинар 8-9 қыркүйек күндері өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *