
Астанада шетелден келген 120 қандас студентке қасиетті Рамазан айында әлеуметтік қолдау көрсетілді. Игі шара «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Esil University-дің дайындық бөлімінде білім алып жатқан қандас студенттердің әлеуметтік жағдайы ескеріліп, оларға арнайы ауызашар дастарханы жайылды. Шараның мақсаты – алыстан келіп білім алып жатқан жастарға қолдау білдіру, Рамазан айының рухани құндылықтарын дәріптеу және бірлік пен бауырмалдықты нығайту.
Сонымен қатар дайындық бөлімінде оқып жатқан студенттердің арасынан әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын 20 студентке бір реттік шәкіртақы тағайындау мүмкіндігі қарастырылды. Бұл көмек олардың оқуына қолдау көрсетіп, тұрмыстық қиындықтарын жеңілдетуге бағытталған.
