
Астана қаласында өткен «Діни басқармаға – 35 жыл» атты мерейтойлық рухани кеш аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық тарихына арналған арнайы кітаптың ресми тұсаукесері өтті.
Мүфтият баспасынан жарық көрген бұл басылым Діни басқарманың 1990 жылы құрылған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихи жолын, қалыптасу кезеңдерін және рухани саланың институционалдық дамуын жан-жақты қамтиды. Аталған кітаптың танытымына ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.
Арнайы мерейтойлық басылым — ҚМДБ-ның 35 жылдық қызметін шолу жасап, ел руханиятын дамытудағы маңызды жетістіктерін көрсетуге арналған құнды еңбек ретінде көпшілік назарына ұсынылды.
