Skip to content

Астана қаласы мешіттерінде «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы аяқталды

Астана қаласындағы барлық мешіттерде ұйымдастырылған «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл рухани әрі танымдық бағдарламада елорда мешіттері бойынша 1 500 бүлдіршін Құран әліппесімен танысып, әдеп және имандылық дәрістерімен сусындады.

Курс барысында балаларға ислам әдебі, тазалық, ата-анаға құрмет, отанға сүйіспеншілік сынды адамгершілік құндылықтар дәріптеліп, әр мешітте қызықты ойындар мен танымдық жарыстар ұйымдастырылды.

Әр мешітте арнайы жабылу салтанаты өтіп, шәкірттерге ҚМДБ және мешіт атынан сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Имамдар мен ұстаздар балаларға ақ жол тілеп, ізгі тілек білдірді.

Айта кетейік, «Имани жаз» жобасы жыл сайын жазғы демалыс кезінде өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу, мешітпен байланысын нығайту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *