Skip to content

Ардагерлер ұйымына қайырымдылық көмек көрсетілді

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Астанадағы «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» ұйымына қайырымдылық көмек көрсетті.

Шара барысында ұйымға 70 қап ұн, 50 ұлттық киім және ҚМДБ баспасынан шыққан діни кітаптар табысталды. Бұл игі іс ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Қор ел көлемінде әлеуметтік және рухани жобаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *