
Алматы технологиялық университетінде «Діннің жастар тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында студенттермен рухани кездесу өтті.
Тәрбиелік бағыттағы жиынға Алатау ауданы «Әл-Ләтиф» мешітінің имамы, РАНТ мүшесі Қанатәлі Бақытұлы қатысты. Кездесу барысында ол жат ағымдардан сақтану, дін мен білімнің байланысы, дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде кеңінен түсіндірме жүргізді.
Сондай-ақ жастардың теріс ағымдардың ықпалына түсу себептері мен оның салдары, қоғам мен мемлекетке төнетін қауіптері жан-жақты талқыланды. Имам жастар санасын улайтын деструктивті идеологиялардан сақтанудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, еркін пікір алмасу алаңы қалыптасты.

